"Орал" спорт клубының 10 жылдығына және қысқы спорт маусымының ашылуына орай жасөспірімдер арасында шағын допты хоккейден "Орал" спорт клубының ашық турнирі өтті.
Жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бенди додасына облыс орталығының үздік командалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында «Орал» спорт клубының директоры Орынбасар Гилымов спортшыларды қысқы маусымның ашылуымен құттықтады.
- Орал қазақ елі допты хоккейінің отанына айналды. Ел намысын қорғап жүрген бендишілеріміздің нобайы біздің өңірдің жігіттері. Жарысқа келген бүгінгі жас спортшылар алдынғы буын хоккейшілерінің ізін қуып, ел мерейін асыратынына сенімдімін, - деді Орынбасар Гилымов.
Екі күнге созылған мұздағы аламан қорытындысында үшінші орын «Ақжайық», екінші орын "Стеновик" командасына бұйырса, бірінші орынды "Юность" хоккейшілері жеңіп алды.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар ұсынған кубок, диплом, медальдарымен марапатталды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz