22.04.2020, 15:14
Оқылды: 60

Оралда бес жүзге жуық волонтер уақытпен санаспай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен ардагерлерге көмек жасауда

Өзгелер сияқты, біздің ел тұрғындары да қазіргі күні елеулі қиындықтарды бастан кешуде.

1A5142AF-843C-41B1-B36F-E0463CDB6DE1

Десек те, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, халықты  қолдау шараларын жүзеге асырып жатыр. Нақтырақ айтсақ, уақытша жұмысынан айырылғандарға 42500 теңге, әлеуметтік жағдайы нашар топтарға арнайы қор арқылы 50000 теңге және аз қамтылғандарға коммуналдық шығындарын жабу үшін 15000 теңге қаржылай көмек берілуде.

Айта кету керек, орта және шағын бизнесті қолдау бағытында да көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оны осы салада жүрген жандар айқын сезініп те отыр. Олар да өз қолдарынан келген көмегін аянып жатпаған сыңайлы.

Волонтерлер жылы аясындағы жұмыстар да қазіргі күні кең қанат жаюда. Қала бойынша бүгінде бес жүзге жуық волонтер уақытпен санаспай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен ардагерлерге барынша көмек жасауда. Ал жұмыла көтерген жүк қай кезде де жеңіл болатыны белгілі ғой. Біз де өз мекемеміз атынан волонтерлерімізбен біріге отырып, Орал қаласының 11 округінде тұратын жерлестерімізге өз көмегімізді ұсынып жатырмыз. Бұл қиындықтардың да күні ертең еңсеріліп, еліміз еңсесін қайта тіктеріне нық сенімдеміз. Әзірше ортақ тәртіпке бағынып,  шыдамдылықты шыңдай түскеніміз абзал.

Айболат Құрымбаев

"Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры" жеке қорының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале