Волонтерлар жылы аясында БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанованың бастамасымен мекеме қызметкерлері өз еріктерімен донор ретінде қан тапсыруда.
«Өмірге үміт сыйлаймыз» деп аталған мұндай игі шара бүгін бастау алды. Қан өткізуге келген әр адам алдымен сауалнама толтырып, дәрігердің қабылдауында болады. Рұқсат алған соң азаматтардың қан тобы, резус-факторы және гемоглобині анықталып, ортақ базадан тексеріледі. Бүгінгі шарада оннан астам білім саласы қызметкерлерінің әрқайсысы 450 мл қан тапсырды. Бұл игі бастама наурыз-мамыр айлары аралығында білім саласы қызметкерлері арасында өз жалғасын таппақ.
– «Бір донор – бір өмір» демекші, біздің игі ісіміз көптеген адамдардың өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы көмектің арқасында біз біреудің анасының, әкесінің, баласы мен бауырының өмірін сақтап қаламыз. Әрі барлық ізгі ниетті азаматтарды қан тапсырып, көмек көрсетуге шақырамыз, – дейді БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанова.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер