Орал қаласында 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық су беру тоқтатылады. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: pixabay.com
«Орал қаласындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «МГБ» филиалы газ құбырларында сынақтар өткізуіне байланысты тауарлық газ берудің тоқтатылатынын хабарлайды. Осыған байланысты 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық су беру тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жоспарланған жұмыс мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ыстық су беру бұрынғы режимде қайта басталады», деп хабарлады әкімдіктен.