Дәл қазір Орал қаласында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жыл бойы барлық аудандарда өткізілген "Бір ауыл - бір өнім" жобасының облыстық көрмесі салтанатты түрде ашылды.
Көрмеге JICA жобасының жетекшісі Акихиса Харагучи арнайы келген. Барлығы төрт облыста өтетін жоба аясындағы көрме Батыс Қазақстан өңірінен бастау алды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов облыстық көрмені салтанатты түрде ашып, жоба ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылар көрмеге қатысушылардың өнімдерін аралауға кірісті. Айта кету керек, көрмеге облыс бойынша 70 ке жуық қатысушы өз өнімін ұсынған.
Альфия Шамаева,
zhaikpress.kz