23 қыркүйек күні төртінші қабаттың терезесінен 2022 жылғы қыз бала құлап кеткен. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: yamal-media.ru
- Төртінші қабаттан құлап түрлі дене жарақатын алған қыз бала ауруханаға жеткізілді. Сол күні қыз баланың жанында әжесі болған. Осы іске қатысты Абай полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады,- деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.