14.02.2024, 17:00
Оқылды: 54

Оралда бизнесмен өліміне қатысты іс әлі тергеліп жатыр

Оралда белгілі бизнесмен "Ural Car City" мекемесінің директоры Сергей Губерді 2023 жылы 13 қараша күні түнде өлтіріп кеткен болатын. Сол кезде полиция  осы қылмысты жасады деген күдікпен 42 жастағы ер адамды уақытша ұстау изолятрына қамаған болатын.

Полиция ЖП

Белгілі бизнесменнің ісіне қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

- Бизнесмен Сергей Губердің өліміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз орталығы.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале