11.03.2026, 20:00
Оқылды: 19

Оралда Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған ауқымды шара өтті

Орал қаласында Бөкей хандығының 225 жылдығы, Хан Ордасы ауылының 200 жылдығы және Жәңгірхан мектебінің 185 жылдығына арналған тағылымды іс-шаралар өтті. Тарихи мерейтойға арналған бағдарлама өңірдің өткенін дәріптеп, ел жадындағы маңызды тұлғалардың еңбегін жаңғыртуға бағытталды.

781f58d3-6c69-4e67-833f-f2ab7d4e6ca5

Мерейтойлық шаралар «Атамекен» өнер ордасының көрме залында ұйымдастырылған «Егер Бөкей көшпесе...» атты көрменің ашылуымен басталды. Көрмеде Бөкей хандығының құрылу тарихы, Хан Ордасының қалыптасуы, сондай-ақ осы қасиетті мекеннен шыққан ел асылдары жайлы тың деректер ұсынылды.

Хан Ордасы музей қорының бөлім басшысы Әлихан Асқарұлының айтуынша, көрме келушілерге тарихи кезеңдерді тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.

«Бұл көрме Бөкей хандығының қалыптасуы мен оның қазақ тарихындағы орны туралы кең мағлұмат береді. Хан Ордасынан шыққан тұлғалардың елге сіңірген еңбегін көрсетубасты мақсатымыз. Көрме 25 наурызға дейін жалғасады», – деді ол.

781f58d3-6c69-4e67-833f-f2ab7d4e6ca5

Іс-шара аясында белгілі режиссер Талғат Теменовтің «Жәңгірдің жаңғыруы» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмде Жәңгірханның ел үшін атқарған қызметі, ағартушылық бағыттағы еңбектері мен тарихи тұлға ретіндегі рөлі туралы жаңа деректер ұсынылған.

Мерейтойлық жиынға арнайы келген ҚазақстанРеспубликасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев бұл тарихи даталардың маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Бұл тек бір ауданның немесе бір өңірдің ғана тарихы емес. Бұлтұтас қазақ халқының тарихы. Жәңгір ханның ел үшін жасаған еңбегі мен жақсылығы ұшан-теңіз. Осындай тарихи деректерді халық кеңінен білуі керек. Сондықтан мұндай бастамалар бүкіл Қазақстанға кеңінен таныстырылуы қажет», – деді ол.

dabc8e99-8dae-41b4-989b-5a62dc429229

Жиында сөз алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы бұл мерейтойлық шараларды ұйымдастыру жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталғанын айтты.

«Бұл бастама 2023 жылдан бері жоспарланыпкеледі. Бөкей Ордасынан шыққан ел жанашырларымен халық қаһармандарының еңбегін кейінгі ұрпақ білуі тиіс. Осындай тарихи көрмелер арқылы біз өткенімізді танып, ұлттық құндылықтарды дәріптей аламыз. Алдағы уақытта бұл көрме еліміздің бас қаласыАстанада да ұйымдастырылады», – деді өңір басшысы.

Мерейтойлық шара концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге ұлттық өнер мен тарихи тағылымды ұштастырған мазмұнды кеш ұсынылды.

397415a3-1522-4b8a-81b5-00aefb84a042

Осындай тағылымды шаралар арқылы Бөкей хандығының тарихы, Хан Ордасының мәдени мұрасы және Жәңгір ханның ағартушылық қызметі тағы бір мәрте кеңінен насихатталды.

Бекзат Қанәділ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале