26.01.2026, 17:15
Оқылды: 37

Оралда боксшылар бәсекесі аяқталды

«Жайық арена» спорт кешенінде бокстан 2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының шемпионаты мәресіне жетті. Аудандық, облыстық және аймақтық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен еліміздің ең үздік балғын былғары қолғап шеберлері бас қосқан бәсеке тартысқа толы болды.

photo-output
Бірнеше күнге созылған ел біріншілігі жас спортшылар үшін шеберлігін шыңдап, үлкен спорт жолындағы алғашқы қадамдарын айқындайтын маңызды додаға айналды. Рингтегі жас боксшылардың өнерін тамашалауға Рио Олимпиадасының шемпионы Данияр Елеусінов арнайы келіп, жасөспірімдерге қолдау көрсетті.
Құрметті қонақ жарыстың ашылуында сөз сөйлеп, мұндай деңгейдегі шемпионаттың Орал қаласында өтуі өңірдегі бокс спортының дамуына серпін беретінін атап өтті.

photo-output
– Бұл сайысты жасөспірімдер үшін ең жоғары белес деп қабылдаудың қажеті жоқ. Басты мақсат – ересектер арасындағы үлкен додаларда шыңға шығу. Ал дәл осындай бәсекелер балғын боксшылардың тәжірибе жинақтап, рингке бейімделуіне, жауапты жарыстарда қобалжымай өнер көрсетуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары өңірде боксты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба берсін, – деді Олимпиада шемпионы.

photo-output
Спорт кешенін бірнеше күн бойы думанға бөлеген жарыс жас боксшылардың жігерін жанып, көрермендерге тартысты жекпе-жек сыйлады. Ел шемпионаты балғын спортшылардың болашағына бағыт-бағдар беріп, қазақстандық бокстың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын тағы бір мәрте айқындады.

photo-output
Қорытындысында:
33 келі
1 Саят Рахымберді (Түркістан облысы)
2 Аңсар Смадияр (Шымкент қаласы)
3 Марат Ахмет (Астана)
3 Мұстафа Әмір (Жетісу облысы)

35 келі
1 Жақсылық Ермекұлы (Алматы облысы)
2 Зауырбек Мұзырыпханов (Жамбыл облысы)
3 Даниял Нұрлыбай (Астана)
3 Исмаил бақтығали (Атырау облысы)

37 келі
1 Нұрмұхан Сұлтанғали (Түркістан облысы)
2 Санжар Уәлиханұлы (Алматы облысы)
3 Каюм Дадыхан (Маңғыстау облысы)
3 Аңсар Сембай (ШҚО)

40 келі
1 Саят Меңдібай (Атырау облысы)
2 Әмір Ердәулет (Шымкент)
3 Жамбыл Әлижанұлы (Алматы қаласы)
3 Досжан Бабамбай (Шымкент)

43 келі
1 Бейбарыс Қойшыбай (Түкістан облысы)
2 Есен Сағынғали (Ақтөбе облысы)
3 Нұрәлі Серікбай (Алматы облысы)
3 Омар Еділбай (Жамбыл облысы)

46 келі
1 Ниет Өмірзақов (БҚО)
2 Олжас Дулат (Алматы қаласы)
3 Равшон Әлиев (Жамбыл облысы)
3 Әлихан Көпжасар (Қызылорда облысы)

49 келі
1 Бақдәулет Ахмет (Шымкент)
2 Темірлан Азад
3 Сұлтан Мырзағалиев (БҚО)
3 Владимир Лучшев (Астана)

52 келі
1 Әли Әбделі (Жамбыл облысы)
2 Саян Көбеков (Ақтөбе облысы)
3 Бексұлтан Мейрамбек (Астана)
3 Сұлтан Баймиұрат (Павлодар облысы)

55 келі
1 Нұрислам Бақтыбаев (Астана)
2 Даниял Аймырза (Алматы облысы)
3 Жандос Алдияр (Алматы қаласы)
3 Омар Сейілбек (Атырау облысы)

58 келі
1 Бейсенхан Мейірхан (Жамбыл облысы)
2 Дінмұхамед Бөкен (Астана)
3 Юсуфхан Сұлтанов (Шымкент)
3 Нұрислам Қаржаубай (Алматы қаласы)

61 келі
1 Рауан Тоғызбай (Шымкент)
2 Даниель Кожевников (Алматы қаласы)
3 Темірлан Құсман (Павлодар облысы)
3 Нұрислам Бағлан (Алматы қаласы)

64 келі
1 Дінмұхамед Молдахан (Алматы қаласы)
2 Дәулет Малгеджар (Жетісу облысы)
3 Давид Рецлов (Қостанай облысы)
3 Нұрасыл Аманжол (Жамбыл облысы)

67 келі
1 Аманжан Жанай (Маңғыстау облысы)
2 Айболан Есбол (Жетісу облысы)
3 Ерасыл Жақан (Алматы қаласы)
3 Ислан Құлмұхамед (Қарағанды облысы)

70 келі
1 Аян Бауыржан (Қызылорда облысы)
2 Мұрат Кеңесбай (Алматы облысы)
3 Хабиб Тагаров (Шымкент)
3 Батырхан Мейіржан (Ұлытау облысы)

+70 келі
1 Айбын Мәжит (Алматы облысы)
2 Темірлан Қазиев (Алматы қаласы)
3 Елжан Нұржан (Алматы облысы )
3 Айсұлтан Асанов (Шымкент)

Жас боксшылар арасындағы ел шемпионатында жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының құрамасы топ жарды. Алматы облысының боксшылары екінші орынды иеленсе, үздік үштікті Шымкент қаласының командасы түйіндеді.
Аталған жарыста облыс намысын 8 балғын боксшы қорғады. Соның ішінде екі спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. 46 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ниет Өмірзақов барлық қарсыласынан басым түсіп, шемпион атанды. Ал 49 келі салмақта жұдырықтасқан Сұлтан Мырзағалиев қола медаль иеленді.
Көкөрім боксшылардың бұл жетістігі өңірде былғары қолғап шеберлерін даярлау ісінің жүйелі жолға қойылғанын аңғартады әрі болашақта ұлттық құрамаға лайықты резерв қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале