27.03.2026, 17:15
Оқылды: 7

Оралда бопсалау мен тонау қылмыстарына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірқатар ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жазды. 

Полиция ЖП

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупін төндіру арқылы бопсалау әрекеттерін жасаған. Соның нәтижесінде олар заңсыз түрде iPhone 15 Pro ұялы телефоны мен ақшалай қаражатты иемденген.

Бұдан бөлек, кешкі уақытта Досмұхамедов көшесінде аталған тұлғалар 80 000 теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде жымқырғаны анықталды.

Сондай-ақ күдіктілердің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Атап айтқанда олар ұялы телефондарды ұрлау және тонау деректері бойынша жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале