Дәл қазір қаладағы Дина Нұрпейісова көшесі бойында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде.
Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындары, облыстағы мемлекеттік мекемелер қатысып жатыр.
– Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілуде. Қазіргі уақытта жәрмеңкеге 15-ке жуық мемлекеттік мекеме және қырықтың үстінде кәсіпорын 300-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс іздеп келген жастардың саны мыңға жақындайды. Олардың қатарында жаңадан диплом алған жастар, жұмыссыз жүрген NEET санатындағы азаматтар бар. Жұмыс іздеушілер әртүрлі бағытта қажетті жұмыс орнын іздеуде. Бұдан бөлек жұмыспен қамту бөлімінің мамандары жастарға арналған «2,5 пайыздық кредит», «Алғашқы жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» деген секілді бағдарламаларды түсіндіріп, таныстыруда. Алдағы уақытта да бос жұмыс орындары жәрмеңкесін көбірек өткізу жоспарлануда, - дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының БҚОФ төрағасы Архат Исламғали.
zhaikpress.kz