17.11.2023, 18:40
Оқылды: 133

Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтпек

2023 жылдың 23 қарашасы күні сағат 10:00-де БҚО «Еңбек мобильділігі орталығының» ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

InShot_20231117_183726904

Жәрмеңкеде 50-ден астам жұмыс беруші қатысып, 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында мемлекеттен қайтарымсыз негізде грант алған кәсіпкерлердің өнімдерінің көрмесі өтеді. Сонымен қатар, мамандар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес береді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале