16.05.2025, 21:00
Оқылды: 221

Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Орал қаласында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыс іздеген жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара тиімді байланыс орнатуға бағытталды. Ауқымды іс-шараға өңірлік мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік ұйымдар мен жеке сектор өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 20.12.57 (2)

Жәрмеңкеге арнайы шақырылған аудан әкімдері аппараттарының басшылары мен кадр қызметінің мамандары жас түлектерге қолжетімді бос жұмыс орындары мен тағылымдамалық бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл қадам жастардың еңбек нарығына нақты қадаммен шығуына мүмкіндік туғызды.
Іс-шара аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов өңірдегі жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесу өткізді. Ашық форматтағы кездесуде түлектер мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мансаптық өсу жолдары, этика мен жауапкершілік туралы сұрақтар қойды.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 20.12.57 (3)
Өз сөзінде Департамент басшысы мемлекеттік қызметтің мәні мен миссиясына ерекше тоқталып өтті: «Мемлекеттік қызмет – бұл тек жұмыс орны емес, бұл – халықпен тікелей жұмыс істейтін сенім алаңы. Жас маманның бойынан біз кәсіби біліммен қатар, адалдық пен жауапкершілікті күтеміз», – деді ол.
Кездесу барысында ерекше назар аударылған маңызды ақпараттардың бірі – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндіктері болды. Атап айтқанда, жоғары оқу орнын мемлекеттік грант негізінде тәмамдаған және GPA (орташа үлгерім балы) кемінде 3.33 балды құраған түлектер тест тапсырмай-ақ тікелей мемлекеттік қызметке орналасу құқығына ие.
Бұл норма Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен енгізіліп, білімге құштар әрі үздік оқыған жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған.
«Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Жоғары оқу орнында жақсы оқып, білімін дәлелдеген түлекке сенім арту – мемлекеттің болашаққа салған инвестициясы», – деді М. Байсалов.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 20.12.57 (1)
Сонымен қатар, жастарға арналған «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны», жастар кадрлық резерві сынды мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, олардың артықшылықтары мен қатысу тетіктерін түсіндірді.
«Бүгінгі таңда елімізге жаңа ойлайтын, бастамашыл, ел тағдырына бей-жай қарамайтын жастар қажет. Сіздердің мамандық таңдаудағы шешімдеріңіз – тек жеке өмір жолыңыз емес, елдің болашағына қосар үлесіңіз», – деп қорытындылады спикер.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 20.12.57
Жәрмеңке қорытындысы бойынша түлектер нақты жұмыс орындары бойынша мәліметтер алып, бірқатары аудандық және облыстық мемлекеттік органдарға түйіндемелерін тапсырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы шаралар жастар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, саналы кәсіби таңдау жасауға
жол ашады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале