12.01.2026, 15:30
Оқылды: 77

Оралда дәрігерге тап берген науқастың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға Орал қалалық көпбейінді ауруханасында қаңтар айының 10-нан 11-не қараған күні түнде болған.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 14.59.16
Түнгі 4-те қабылдау бөліміне жеткізілген науқас қабылдау жүргізіп отырған медицина қызметкерін жағадан алған.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 14.58.49
Медицина қызметкері мен науқас арасындағы даудың неден шыққаны белгісіз.
- Оқиға орнына барған полиция ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазір оның үстінен қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды. Аурухана бейнекамерасына науқас пен медицина қызметкері арасындағы жанжал түсіп қалған. Полиция қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне күш қолдану қылмыстық жауапкершілік екеннін ескертеді,- деп атап өтті БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz 

Суреттер видеодан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале