5.09.2018, 19:20
Оқылды: 76

Оралда Депо ауданындағы көпір 7 қыркүйек күні ашылады

  Оралда «Депо көпірі» аталып кеткен темір жол үстінен керілген өткелдің  құрылысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов «ТДК-42» арнасындағы тікелей эфирдегі сұxбатында мәлімдеді.

depo

 

            2017 жылдың 1 наурызы күні қайта салынуға жабылған Депо көпірінің құрылысы 2 жылға жоспарланғанымен, тұрғындар игілігіне ерте берілмек. 7 қыркүйек "Қала күні" мерекесінде ашылатын жаңа көпір халық үшін жайлы болмақ.

            Айта кетейік, көпір 1965 жылы салынған. Осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ұзындығы – 536 метр. Бұрын ені 8 метр, екі жолақты ғана болса, енді 4 жолаққа дейін кеңейтіліп  19 метрге ұзарды. Екеуі  жаяу жүргіншілерге арналған жол.

            Жұмысты «ҚПО б.в» компаниясы қаржыландырып, «КА- Строй ЛТД» ЖШС құрылыс жүргізді.

Zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале