3.11.2017, 13:07
Оқылды: 29

Оралда "Дінің сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! шығармашылық байқауы қорытындыланды

bbf4f37d-63f7-4c9c-9334-48bdb38c201eОқушылар сарайында "Дінің сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы - жастар" тақырыбында өткен он күндік байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Байқауды облыстық дін істері басқармасы "Дін мəселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастырды. Онкүндік мақсаты - шығармашылық жұмыс арқылы жасөспірімдердің ой өрісін кеңейту, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды, салт-дəстүрді құрметтеуге тəрбиелеу. Байқау бойынша алты аталым негізінде облыстағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері жекелей жəне ұжымдасып дайындаған туындыларын жолдады.

Өзекті тақырыпқа өлең арнаған Ақжайық ауданындағы Алмалы мектебінің оқушысы Мансұр Ізімов, көркем монолог оқудан Зеленjв ауданы Қ.Аманжолов атындағы мектептің оқушысы Гүлжайна Тынышбаева, сапалы бейнеролик дайындаған Құрманғазы саз колледжінің студенттері, сурет салудан Қаратөбе ауданындағы Қаракөл мектебінің оқушысы Асылан Тілегеновтың еңбектері үздік деп танылды. Ақжайық ауданындағы Абай мектеп-гимназиясының жас əртістері қойған театрландырылған көріністі қазылар жоғары бағалады. Ал"Үздік əлеуметтік жарнама" атылымын Жəнібек ауданындағы Ғ. Сарыбаев атындағы мектептің оқушысы Назерке Нұрымова мен Ақжайық ауданындағы Жаңабұлақ мектебінің оқушысы Айару Нұрқуат иеленді.

Байқауға 100-ден астам туынды жолданған.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале