4.01.2024, 8:30
Оқылды: 1289

Оралда екі қабатты дәмханада өрт шығып, ғимараттың біраз бөлігі қирап қалды

Бүгін түнгі сағат 02:07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

InShot_20240104_082744251

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20240104-WA0024
Оқиға орнына 02:17-де жеткен төтеншеліктердің бірінші бөлімшесі екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғандығын,  нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метрі өртеніп жатқандығын мәлімдеген.

IMG-20240104-WA0022

Өрт сағат 02:40-та сөндірілген.
Оқиға орнында №1 МӨСБ, № 2 МӨСБ, № 8 ӨСБ, № 5 ӨСБ, өрт сөндірудің кезекші қызметі, жеке құрамнан 39 адам және 13 техника бірлігі, жедел құтқару жасағынан құтқарушыларынан 8 сегіз адам және екі техника жұмыс істеген.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы, полиция департаменті қызметкерлері де барған.

Сондай-ақ БҚО ТЖД басшылығы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, облыс әкімдігі және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті өкілдері келді.

Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігі бірлесе қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы істейді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале