30.11.2020, 17:32
Оқылды: 33

Оралда ер адам биіктен құлап, мерт болды

Орал қаласында ер адам биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды БҚО-дағы ҚазАқпараттың тілшісі.

5DF8A850-1A9F-48B5-A9D2-7D417AF9ABA9

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан мəдениет сарайының құрылыс алаңында болды. Жедел жəрдем сағат 15.01-де шақырылды. 53 жастағы ер адам шамамен 15 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол жедел жəрдем келгенге дейін көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиға орнында полиция қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Оқиғаның мəн-жайы анықталу үстінде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале