11.05.2018, 14:34
Оқылды: 27

Оралда ер адам енесін атып өлтіріп, қайын атасын жаралады

 

2018040917460510 мамыр күні кешкілік Орал қаласындағы «Құрылысшы» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем сағат 20.24-те шақырылып, олар үш минуттан кейін жеткен.

«Оқ тиген 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Ішінен оқ тиген 1951 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған түнде ота жасалды. Ота алты сағатқа созылды. Жағдайы ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жас адам енесін атып өлтірген. Қайын атасына да оқ тиген. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале