20.08.2018, 19:02
Оқылды: 66

Оралда ерекше балаларға сыйлық берілді  

 

750b4f7a-0b94-4fc0-b571-74a53f578347Оралдағы мектептен тыс жұмыс орталығында «Мектепке жол» акциясы  «Ізгі істер әлемі» атты ұранмен өтті. Шараға  ерекше оқытуды қажет ететін балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.


Орталықта 10 жылдың көлемінде  инклюзивті тәрбие жүйесі қалыптасқан. Осы уақыт аралығында түрлі үйірмеге 100-дің үстінде ерекше  оқытуды қажет ететін оқушылар өз бойларындағы шығармашылығын шыңдап келеді. Сондай дарынды балалардың  бірі - Шынғыс Сапиев. Ол БҚО бойынша 100 дарынды баланың қатарында. Есімі «Дарынды балалар» кітабына енген. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында болып, бала арманымен бөлісіп, ірі кәсіпкер, мультимиллиардер болсам деген ойларын жеткізгені бар-ды. Бүгінде кішкентай мультимиллиардер  өз ісін бастап кетті.

1396f1b3-d903-4738-80ff-c47f367e06e1Шыңғыс «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес-жобалары» байқауына қатысып, демеушілерден 150 000 теңге ақшалай қолдау сыйлығын иеленді. Сол қолдау ақшасына сыныптастарына өз жасаған массажды жилет, шарлар сыйлады. Одан артылған ақшасына ұлттық ойындарды дамыту бағытындағы өз бизнесіне салып, киіз үй нақышында асықтарға арналған қоржындар жасауда. Жиналған қауым Шыңғыстың қоржындарын көріп, байғазысын берді. Сонымен қатар өзге балақайлар да өз өнерлерімен бөлісті.

Акцияға «Веселая идея» дүкенінің директоры, жеке кәсіпкер А. Ищенко, «Мир образования» дүкенінің директоры Ш. Нутфуллин, «Еуразия» банкі, жеке кәсіпкер М.Кульшириналар қолдау көрсетіп қажетті оқу-құралдары мен тәттілерін ұл-қыздарға сыйға тартты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале