30.09.2024, 18:00
Оқылды: 92

Оралда «Еріктілер кеңесі» консультативті-кеңесші органының жиыны өтті

«Еріктілер кеңесі» консультативті-кеңесші органы жұмысының нәтижелері бойынша жиын өтті. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

8548EB82-EE0F-4CBB-ABBC-0C66E2198CEF

Іс-шара барысында департамент жанында құрылған еріктілер кеңесі мүшелерінің ерікті бастамалары, соның ішінде көмекке мұқтаж жандарға, өмірлік ауыр жағдайларға тап болған адамдарға көрсетілген көмек, қаламыздың тазалығына бағытталған, балаларды білім алуға және спортпен белсенді айналысуға шақыру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар, еріктілер жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды.

4E310CF0-8CB5-46C8-B2B9-BA687E1EA491

Департамент басшысы М.Байсалов жұмысты одан әрі жүйелендіріп, жандандыру қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, іс-шара соңында еріктілер қозғалысына үлес қосып, белсенді жұмысымен көзге түскен еріктілер департамент басшысының алғысхатымен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале