15.04.2021, 9:13
Оқылды: 137

Оралда «Ғасырдан да ұзақ күн» қойылымы сахналанбақ

14 сәуір күні «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театрының  алғашқы  қойылымы Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклінің брифингі өтті.

 ғ1

Салтанат сарайында өткізілген брифингке Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Мерғалиев, қойылымның қоюшы режиссеры, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев, «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театрының актрисасы Гүлім Өтешова және облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

ғ2

Брифинг барысында Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Рысқалиұлы театрдың құрылу мақсатын тілге тиек етіп, жаңа құрылған қоғамдық жастар театрынан үлкен үміт күтетінін жеткізіп, театр актерлеріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, театрдың алғашқы қойылымы Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісімен жасалған трагедия спектаклі болмақ.

ғ3

Осыған орай, қойылымның қоюшы режиссеры, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев актерлердің театрға қабылдануын, спектакльдің дайындық барысы және кейіпкерлер жөнінде сөз қозғады. Сахналанғалы жатырған қойылымның мақсаты, оның берер ойы жөнінде де айтып өтті.

ғ4

Сондай-ақ, «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісі бойынша қазіргі заманның өмірімен ұштастырып, жаңа стильде көрермен назарына ұсынылатынын жеткізді. Ал «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театрының актрисасы Гүлім Өтешова дайындық барысында алған әсерлерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Брифинг барысында жалпы театрдың болашағы, қойылым рөлдеріне актерлер қабылдау, «Ғасырдан да ұзақ күн» атты романын таңдаудағы мақсат, спектакльге дайындық барысы туралы бірқатар сұрақтар қамтылды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале