Оралда қала әкімі Мұрат Мұқаевтың есептік кездесуі өтуде.
Мұрат Рахметұлының айтуынша, қалада шағын және орта кәсіпкерліктің 30 мыңнан астам субъектісі тіркелген. Ал олардан мемлекет қазынасына 28 344,2 млн. теңге салық түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғары көрсеткіш.
-Кәсіпкерлер төлейтін салықтан қала бюджетіне 9 920,5 млн.теңге түсті. 2012-2018 жылдары 41 кәсіпкер 110 млн. теңгеге инновациялық грант алса, оның 11-і былтыр грантқа ие болды, -дейді қала әкімі.
2015-2019 жылдардағы индустрияландыру картасына сәйкес, Оралда 18,7 млдр. теңге болатын 21 жоба жүзеге асып, 791 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Олардың ішінде былтыр 7 жоба іске асып, 6 млрд. теңге жұмсалған. Сәйкесінше, 139 тұрақты жұмыс орны ашылған.
суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов,
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер