27.05.2024, 11:00
Оқылды: 3

Оралда интернет-алаяқтық 32,2%-ға төмендеген

Құқық қорғау органдарына хабарласып көмек сұрағандардың көпшілігі телефон немесе интернет арқылы алданғандар. Жәбірленушілердің әлеуметтік портреті алаяқтардың құрбандары көбінесе 30 бен 49 жас аралығындағы әйелдер екенін көрсетеді.

 прокуратура1

Шабуылдаушылар көбінесе зейнеткерлер мен жеке кәсіпорындардың қызметкерлерін (кассир, менеджер, кеңесші) таңдайды. Шабуыл жасаушылардың басты мақсаты – азаматтардың жеке және төлем деректерін тартып алу және олардың банктік шоттары мен ақшаларына қол жеткізу.

Жеке деректердіалдап алған жағдайда күдіктенсеңіз, шоттарды бұғаттау мақсатында банктердің техникалық қызметіне қоңырау шалу қажет.

Төлқұжат және дербес деректеріңізді, банк  карталарының нөмірін, келіп түскен СМС паролдердің кодтарын бөлісіп, күмәнді сілтемелерге кіріп, алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Зиянкестер өздерін банк қызметкерлері  немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетуден басқа, әлеуметтік желілерде ойдан аккаунттар ашып, тауарларды сату туралы  жарнамалар шығарады және оқырман санын көбейтеді.

Сондай-ақ органдарға немесе банктерге қатыстылығын растау үшін алаяқтар  WhatsApp мессенджеріне фото, қолтаңбал және ойдан шығарылған қызметтік куәліктерді жібереді.

Қылмыспен күрес және оның алдың алуға бағытталған жұмыс нәтижесіз емес. Жалпы жыл басынан бастап қазіргі кезеңге дейін Орал қаласы бойынша қылмыс деңгейі жалпы 17,4%-ға (1451-ден 1198-ге дейін) және оның жекелеген түрлері алаяқтық (24,9%-ға) 321-дан 248-ге дейін төмендеуі байқалды. Интернет-алаяқтық 32,2%-ға (171-ден 116-ға) дейін төмендеген.

 Адамдар жалған хабарландырулар арқылы ойдан шығарылған тауар үшін ақша алып, онлайн сатып алуды жиі жасай бастады.

Сондай-ақ банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу арқылы алдап, банк карталарының мәліметтерін сұрап карталардағы ақшаны ұрлау, жәбірленушілердің жеке деректерін пайдаланып, онлайн кредиттерді рәсімдеу, адамдарды жұмысқа орналасуға көмек көрсету сылтауымен ақша жымқыру қазіргі уақытта алаятықтың кең тараған түрі.

Жұмыс іздеу кезінде тек мемлекеттік және ресми тіркелген ұйымдарға хабарласу қажет.   Ал деректерді беруге қатаң тыйым салынады.

Орал қаласының прокуратурасы өңір тұрығындарына өз деректерін  бейтаныс адамдарға телефон арқылы беруге тиым салынатынын ескертеді.

Әділет Әбу,

Орал қалалық прокуратурасы

қылмыстық қудалау және сотқа дейінгі

тергеп тексерудің заңдылығын қадағалау бөлімі бастығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале