3.12.2021, 20:07
Оқылды: 278

Оралда іскер әйелдер форумы өтті

Бүгін Достық үйінде облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Еңбегі жанған арулар» атты форум өтті. Басқосуға ҚР Парламенті жанындағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы Жансұлу Төремұратова және өңірдегі бизнес-ледилер қатысты.

BA87AB4E-10C6-4E7D-8288-269FA813C18A

-Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған форумға қош келдіңіздер. Бұл форумда отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, әйелдің қоғамдағы рөлі, кәсіп бастау туралы құнды ой-пікірлер айтылып, тәжірибелер бөлісіледі. «Әйелдің асылы  ісінен көрінеді» дейді. Қыз-келіншектер еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға белсенді атсалысып келеді. Бүгінде олардың шағын және орта кәсіптегі үлесі ер-азаматтармен тең десек, артық  айтқандығымыз болмас. 1990 жылдардағы қиын кезеңдерде аналарымыз-апаларымыз дорба арқалап, саудаға шықты. Нан тауып, отбасын асырады. Қазір бизнестерін дамытып қана қоймай, жұмыс орындарын ашуда. Отбасының ұйытқысы бола білген нәзікжандылар кәсіп бастап, жетістіктерге жетуде. Бүгінде облыста 119 мыңнан астам  кәсіпкерлік нысаны тіркелсе, оның 30 пайызын, яғни 33 000-ын қыз-келіншектер  басқарады. Жеке кәсіпкерлікпен 28 836 әйел айналысса, оның 9471-і шағын және орта бизнесті дамытып отыр. Ал 1607 нәзікжанды шаруа қожалығын басқарады. Олар өңірдегі  кәсіпкерліктің дамуына белсенді үлес қосып отыр,- деді жиынның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

6FB127D5-7256-4668-BCE8-642BBD5C1A54

ҚР Парламенті жанындағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова форумға қатысушаларды  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның даму жолындағы Елбасының еңбегін атады.

B218B1C8-B00F-4075-A0CC-003029065B8A

-Қазақстан әлемдік қауымдастықта тиімді экономикалық реформаларымен, жетілген демократиялық құндылықтарымен, этносаралық келісімнің моделін қалыптастырған бейбітсүйгіштігімен, әлеуметтік тұрақтылығымен танылды. Егеменді мемлекетіміздің құрылуы мен дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі зор. Ең біріншісі, мемлекеттік шекарамыздың шегенделуін қамтамасыз етті. Ресей мен Қытай секілді алпауыт мемлекеттермен әртүрлі дипломатиялық келіссіздер арқылы бейбіт түрде шекарамызды құқықтық тұрғыда бекітті. Бұған алты жыл уақыт жұмсалған болатын. Келіссөздер жүргізу оңай шаруа болған жоқ. Бірақ соны Елбасы көрегендігімен, даналығымен бейбіт түрде шешті. Мемлекетіміздің шекарасы туралы заңды құжаттар, жүргізілген келіссөздер Біріккен  Ұлттар ұйымының мұрағатында сақтаулы тұр. Екіншісі, мемлекеттік тіліміз туралы заңды бекітті. Яғни Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып бекітілді. Ал орыс тілі ресми тіл деп жариялап, ел ішіндегі ұлтаралық араздықтың алдын алды. Сондай-ақ қоғамдық келісім мен этносаралық ынтымақты, бірлікті  қамтамасыз ету үшін  Қазақстан халқы ассамблеясын құрды,- деді Бірғаным Сарықызы.

61423F02-E9F4-4BD5-B6C1-704AC167E8B2

Сондай-ақ форум барысында бірқатар қыз-келіншектер арнайы аталымдар мен облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.  

CEAC1F59-1D47-4FD4-84AF-52F037C87482

D2E534C1-76AA-4E9D-843B-6DB25166B82B

4F32F7A5-9DBB-4EA7-91B6-90E3E81795C1

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале