5.01.2024, 16:53
Оқылды: 162

Оралда «Қадыр – қазына» жобасының қорытынды кеші басталды

Оралда ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің туған күніне орай, ақын атындағы мәдениет және өнер орталығында шығармашылығын насихаттауға арналған «Қадыр – қазына» жобасының қорытынды кеші басталды.

IMG_20240105_171703_866

Алдымен шараға жиналғандар ақын ескерткіші басында бас қосып, ақынның қарындасы Күлаш Мырзалиева мен ақын Сағынтай Бисенғалиев гүл шоғын қойды.

IMG_20240105_171624_454

Қадыр ақын Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, С.Бәйтереков, Т.Базарбаев, Е.Хасанғалиев секілді аты тарихта қалған композиторлармен шығармашылық байланыс орнатып, халыққа кеңінен танылған әндердің сөзін жазған. Ақынның сөзіне жазылған әннің өзі 200-ден асып, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып жарыққа шықты.

IMG_20240105_171646_496

Жиынға өңірдің мәдениет және өнер саласындағы зиялылары қатысып отыр.

- Былтыр Қадыр ағамыздың есімін насихаттау бағытында бірқатар шара өтті. Оның шығармашылығын, еңбек жолын айтып бір кешке сыйдыру мүмкін емес. Одан қалған рухни мұра қымбат қазына. Келесі жылы келетін 90 жылдық мерейтойына дайындық басталып та кетті, - деді салтанатты жиында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұқанғалиев.

 

IMG_20240105_172759_496

Ал жоба туралы орталықтың директоры айтып берді.

- «Қадыр қазына» жобасы аясында алты байқау өткізілді. Оның екеуі аймақтық-республикалық, төртеуі облыстық. Байқаудың алты жанры да Қадыр шығармашылығын насихаттады. Бұл жоба тоқтамайды. Биыл ғылыми конференция өткізу жоспарда тұр. Деректі фильм«AQJAIYQ» телеарнасының қолдауымен Алматы қаласында түсірілді. Бүгін деректі фильм көрерменге жол тартады, - деді Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Серік Тоқмамбетов.

IMG_20240105_171723_037

Жоба барысында «Ой орманы» суретшілер байқауы, «Иірім» мобилографтар, «Күндер-ай» облыстық әншілер байқауы, «Ең алдымен ел қамы» ақын өлеңдерің жатқа оқудан оқушылар арасында байқау, «Күміс қоңырау» театрландырылған қойылым байқауы, «Бұлбұл бағы» сазгерлер байқауы өткен.

IMG_20240105_172834

IMG_20240105_171656_560

IMG_20240105_171713_039

IMG_20240105_171718_332

IMG_20240105_172848

Динара Насыр, 

Фотоға түсірген: Диас Закбаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале