Орал қаласында кәмелетке толмаған ер баланы көлік қағып кетті. Оқиға бүгін сағат 12:30-да City Center аумағында болды.
Фото дереккөзі: www.vko-zozh.kz
«2006 жылғы жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағында бағдаршамның қызылы жанып тұрған кезде жолды кесіп өтпек болған.
Сол кезде «Ваз2115» автокөлігі баланы қағып кеткен», - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем көлігі шақырылып, бала ауруханаға жеткізілген.
zhaikpress.kz