13.06.2025, 15:00
Оқылды: 114

Оралда кәріз коллекторындағы апатқа байланысты көше жолы жабылды

Орал қаласында С.Тюленин көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылы қиылысында орналасқан диаметрі 600 мм (темірбетон) кәріз коллекторында болған апатқа байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады kaz.inform.kz

f033131f-bf31-4a55-8641-d466863a6762
Фото: kaz.inform.kz

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осыған орай Әбілқайыр хан даңғылының У.Громова көшесінен бастап Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығы уақытша жабылды.

– Барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі уақытта апатты жою мақсатында пайдаланушы ұйым дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Мекеменің хабарлауынша, сонымен қатар Солтүстік-шығыс-2 шағынауданында диаметрі 100 мм ысырманы ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты аталмыш шағынауданда 27, 9, 17, 17/1-үйде, № 26 «Тұлпар» және № 20 «Балбөбек» балабақшасына салқын су беру тоқтатылды. Мұндағы жұмыс шамамен бүгін сағат 16.00-ге дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласындағы сорғы станциясында апатты жағдай болғанын жазған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале