9.07.2024, 9:17
Оқылды: 183

Оралда кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін Ашық есік күні өтеді

Бүгін Орал қаласында кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

92B80AD7-13A3-49F5-A931-AEF29B4D27DB

Фото: pixabay.com

«Құрметті кәсіпкерлер және Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдық өкілдері!

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін Ашық есік күнін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің нақты проблемалық мәселелерін (қылмыстық қудалау, тексеру және т.б. қатысты) шешу үшін сындарлы диалог құру.

Отырысқа барлық құзырлы органдардың өкілдері қатысады, олар да бизнестің түйткілді мәселелерін қарастырып, шешуге шаралар қабылдайды. Кездесу 9 шілдеде сағат 10.00-де Орал қаласы 5-шағынаудандағы 12/2 мекенжайы бойынша орналасқан «Атамекен» өнер ордасы ғимаратында өтеді.

Отырысқа қатысуға және көтерілген проблемалық мәселелер бойынша өтінімдерді +7 702 766 09 26 (облыстық прокуратураның өкілі) телефон нөміріне жіберу қажет», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале