Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосу мақсатында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті, Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасы және “ӨСжАҚЖҚ” ММ қызметкерлері қалалық мәдениет және демалыс саябағында ағаш көшеттерін отырғызу сенбілігін ұйымдастырды.
Тал егу - келешек жас ұрпақтың табиғат жаратылысына деген сүйіспеншілігін оятуға деген қадамдардың бірегейі. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табады.
БҚО ТЖ баспасөз қызметі