7.11.2024, 10:00
Оқылды: 86

Оралда қоғам қайраткерінің мерейтойлық бенефисі өтті

Оралда ҚР Парламенті Мәжілісінің бірнеше шақырылымының депутаты, қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Қабиболла Жақыповтың 75 жасына арналған «Өнегелі өмір» мерейтойлық бенефисі өтті.

IMG_2902

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында өткен ісшараға Ақ Жайық өңірінің жақсылары мен жайсаңдары, мерейтой иесінің үзеңгілес достары, әріптестері қатысты. Бұл кеште қонақтар тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 90жылдарына сапар шеккендей болды. Сол кездегі қиынқыстау шақта облыс тізгінін қолына алып, талай жауапты қызметтерді атқарған Қабиболла Қабенұлының өмір жолынан сыр шерткен бейнефильм көрсетілді.

– Бүгінгі басқосу «Өнегелі өмір» деп тектентек аталған жоқ. Бейнефильмнен сіздің еңбек жолыңыздың шет жағасын ғана көрдік. Бұл – жастар үшін үлгіөнеге. Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан І дәрежелі «Барыс» орденін алдыңыз. Сіздің еселі еңбегіңізге осы кеште отырған әріптестеріңіз, жергілікті халық куә. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда халыққа жалақы тұрмақ, зейнетақыны берудің өзі мұң болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қай өңірде болсын тіршілік кешу оңай болған жоқ. Сіз сол шақта ел азаматтарымен бірге жүріп, жемісті еңбек еттіңіз. Бүгінде мұнда сіз және сізден кейін еңбек еткен ел ағаларының салып кеткен сара жолы жатыр. Сіз қай қызметте де қарапайымдылығыңызбен, білімтәжірибеңізбен ерекшеленіп, адал еңбек еттіңіз. Бүгінгідей басқосу – сол қасиеттеріңіздің жемісі, жеңісі, – деген облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоғам қайраткеріне лебізін білдіріп, сыйсияпат табыс етті.

Бұдан соң сөз алған Қабиболла Қабенұлы өңірдің экономикасын көтеру, мәдениеті мен әлеуетін арттыру жолында атқарылған ісшараларға тоқталып өтті.

IMG_2832

«Аса қадірлі ағайынтумалар, жоражолдастар! Елде атқарылған істер бір кісінің қолынан келетін жұмыс емес еді. Ол халықтың ақылкеңесімен, ортақ ісқимылмен жүзеге асты. Осы кеште отырған және бүгінде арамызда жоқ азаматтар ел игілігі үшін қызмет етті. Соның ішінде мен аудандардағы 28 әкіммен жұмыс істедім. Сол шақта ел екіге бөлініп кетті. Жастар нарық жағында болса, орта жастағылар мен үлкендер Кеңес одағын жақтады. Ал мұның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ешкім білмейтін еді. Сол кезде арнамысын сатпай, небір «жылтыраққа» құмартпай, бел жазбай еңбек еткен әкімдерге басымды иемін. Осы кеште қатысып отырған ел ағаларының еңбегі зор», – деген мерейтой иесі жүрек төрінде жатқан шуақты күндерді есіне алды.

Ісшара мерейтой иесінің замандастары мен әріптестерінің жүрекжарды лебізімен өріліп отырды. Осы кешті ұйымдастырған «Ақжайық азаматтары» қоғамдық бірлестігінің атынан қоғамдық ұйым төрағасы Ғайса Қапақов, еңбек ардагері Лавр Хайретдинов және өңірдегі депутаттардың атынан облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаев сөз алды. Олар Қабиболла Қабенұлын мерейлі жасымен құттықтап, еңбек жолы мен өңір дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Лавр Рашидұлы ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов, Ғұмар Дүйсембаев бастаған азаматтардың және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың жолдаған  құттықтаухаттары мен сый-сияпаттарын табыс етті. Кеш барысында Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Ноғаев телефон арқылы байланысқа шығып, ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар кеш иесінің Самиғолла Оразов, Александр Маючий, Қайнолла Қасенов, Есберген Әжібаев бастаған әріптестері мен Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов, аудан әкімдері жүрекжарды лебіздерін айтып, өнегелі өмірінен сыр шертті. Ал «ҚазИИТУ» ғылыми білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вицепрезиденті, академик Ақсерік Әйтімов мерейтой иесіне аталған университеттің Құрметті профессоры атағын берді. Қоғам қайраткерінің өмір жолы арқау болған ісшарада облыстық филармонияның әртістері әннен шашу шашты. 

Ясипа Рахимқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале