8.02.2021, 9:44
Оқылды: 272

Оралда қоғамдық театрға балалар қабылдау басталды

Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің жанынан құрылған "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрына қабылдау басталды.

кас1

Кастингтің алғашқы күнінде 5-17 жас аралығындағы 10 бала қатысып, іріктеу кезеңінен өткен 5 оқушы "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театр I құрамына, қалған 5 оқушы ІІ құрамына қабылданып, әрі қарай жұмыстануға бағытталды.

кас2

Қабылдау комиссиясының құрамында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі, режиссер Самал Абуов, аталмыш театр әртісі Эльмира Мақашева, "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының көркемдік жетекшісі Әсемгүл Төлепбергенова болды.

кас3

Алдағы уақытта театр әр тоқсан сайын бір қойылымды көрермен назарына ұсынуды жоспарлап отыр.

Кастинг қатысушыларға карантин талаптарын сақталып өткізілді. Әрі қарай іріктеу 13-20-27 ақпан күндері аталмыш кинотеатрда жалғасын табады.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале