7.02.2018, 18:12
Оқылды: 63

Оралда көлік тонаған топ ұсталды  

 

5 ақпанға қараған түні ұрылар Орал қаласы, Ихсанов көшесіндегі аулада тұрған қымбат көліктің әйнегін сындырып, қымбат ноутбук, антирадар, түрлі купюрадағы 25 мың теңгені жымқырған, деп хабарлайды Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Көлік иесіне 105 мың теңге шығын келді. Дабыл бойынша жедел-іздестіру шаралары қолға алынып, 1997 және 1998 жылғы екі жігіт кезекті автокөлікті тонау кезінде ұсталды. Олар көлік салонынан ұрланған заттардың қайсыбірін сатып үлгерген. Абай полиция бөлімі 8 эпизодпен іс тергеуде.  Көліктерді тонау фактілері бұдан да көп болуы мүмкін, себебі, аталмыш топ қылмыстарын мойындап отыр. ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 2-бөліміне сай іс қозғалды.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале