Оралда көлік жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 15 қыркүйек күні, түнгі сағат 00:30 шамасында орын алды. Volkswagen Golf III көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, Грэмми мейрамханасының жанында жол жиегінде жүріп келе жатқан 21 жастағы және 20 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Видео әлеуметтік желіден алынды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ақпарат көзі: Polisia.kz