Оралда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай көпшілік жүгіру шарасы басталды. Жиналғандарды қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов құттықтап, сәттілік тіледі.
- Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Қалада мерекеге орай бірқатар шара өтіп жатыр. Солардың бірі - көпшіллңк жүгіру. Жүгіруге қатысып жатқан әскери қызметкерлер, ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне, сарбаздарға алыс айтамын, - деді Мирболат Нұржанов.
Мемлекеттік Әнұранды айтқан соң спортшылар денені қыздырып, жүгіруге дайындалды. Қатысушылар қаладағы демалыс және мәдениет саябағындағы арнайы жүгіру жолағында жүгіруде.
Дәл қазір қатусышылар екі жарым шақырымға дейінгі қашықтықта жүгіріп жатыр. Кейін әйелдер бес шақырымға, ер адамдар 10 шақырымға дейін жүгіреді. Әр қатысушыға мәре сызығында естелік медаль беріледі.
Динара Насыр,
Фото: Әділет Ғабдрешев
zhaikpress.kz