25.03.2020, 16:05
Оқылды: 327

Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген хабар жалған

Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған ақпарат тарады.

24E334D9-F2C9-4E74-9241-E692BDD4F692

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, WhatsАpp желісінде тараған аудиожазбада қалаға қарасты Желаев кентінің тұрғынынан коронавирус анықталып, ауруханаға түскендігі айтылған. Бұл – жалған ақпарат. Қазіргі таңда коронавирусқа қолайсыз елдерден келген 19 адам тұрақты бақылануда. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирус жұқтырғандар жоқ. «Азаматтарға тек ресми мәліметке сену керектігін, ал жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале