8.11.2019, 10:40
Оқылды: 93

Оралда қос ғалыммен кездесу өтті

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында тарих ғылымдарының докторлары, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Тұяқбай Рысбеков пен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Баян Шынтеміровамен «Мерейлі ғалым, мейірімді ұстаз» атты кездесу кеші өтті.

 rysbekovter (1)

Жиынды аталмыш орталықтың директоры Бауыржан Халиолла ашып, тарих ғылымының дамуына үлес қосып жүрген қос майталманды құттықтап, БҚО Мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтың атынан Алғыс хат табыстады. Өмірлерін білім-ғылыммен, жанұялық бақытпен өрнектеген Тұяқбай Зейітұлы мен Баян Ғаббасқызы жиылған көрермендер алдында ағынан жарылып, әсерлі әңгіме өрбітті.

rysbekovter (2)

Сондай-ақ шараға Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Тасмағанбетов, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Сабыр, тарих ғылымдарының кандидаты, БҚМУ-дың доценті Ж.Жақсығалиев, БҚМУ-дың аға оқытушысы Қ.Болатовалар сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Д.Есентеміров, Ж.Хасанова, А.Хайырханов, өңірімізге танымал Е.Ақбасов, Д.Құлбабаев секілді әншілер ұстаз, отбасы, туған жер тақырыбындағы әндермен шараның шырайын кіргізді.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале