6.09.2024, 11:15
Оқылды: 200

Оралда көшеде мас күйде жүрген прокурор қызметінен кетті

Бұл туралы БҚО Прокуратурасының ресми өкілі Динара Нұрсұлтанова айтты.

прокуратура

Бұған дейін әлеуметтік желіде прокурор Абылай Бисқалиевтың масаң күйде жүрген видеосы тараған болатын. Осы жазбаға сәйкес облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізген.

– Прокурор Абылай Бисқалиевқа қатысты қызметтік тексеріс аяқталды. Бисқалиевтың видеосы 12 тамыз күні жарияланды. Дәл осы видео жарияланған күні ол жұмыс орнында болған. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша прокурордың сол күні сау болғаны дәлелденді. Бірақ біз жоғарыдағы видеоның қай күні түсірілгенін білмейміз. Алайда видеодағы көрініс қоғамда үлкен резонанс тудыруына байланысты прокурор Абылай Бисқалиевке қатысты ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.  Осы тәртіптік кеңестен кейін прокурор қызметтен кету туралы өтініш жазды, оның өтініші қабылданды. Ол қызметтен кетті, - деп атап өтті БҚО Прокуратурасының ресми өкілі Динара Нұрсұлтанова.

Айта кетейік, Абылай Бисқалиев БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры болып қызмет атқарған.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале