Әлеуметтік желіде екі ер адамның жыныстық қатынасқа түсіп жатқан видеосы тарады. Желідегі парақшалардың бірінде оқиғаның Зашаған кентінде болғаны айтылады. Ал полиция аталған видеоға қатысты бір ер адамды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды zhaikpress.kz.
Видеодан кадр
Полиция ер адамға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.
– WhatsApp желісінде белгісіз екі ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеті бейнеленген видео тарады. Олардың біреуі ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Екіншісі әлі анықталған жоқ,- деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
zhaikpress.kz