27 наурызда коронавирустың алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында әрі төтенше жағдайға байланысты Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қаладағы Н.Назарбаев даңғылына дезинфекция жүргізді.
Хлор ерітіндісімен урналар, бордюрлер, тротуарлар, орындықтар, аялдама павильондары дезинфекцияланды.
Біздің мақсатымыз – инфекцияның таралуының алдын алу. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағатқа жуық өмір сүруге қабілетті, ал 48 сағат ауа-тамшы арқылы жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау – коронавируспен күрестің маңызды бөлігі.
Қала бойынша дезинфекция жұмыстарына жеке құрамнан 30 адам және 5 бірлік техника тартылды.
Құрметті Орал қаласы тұрғындары мен қонақтары!
- Қоғамдық орындарға: сауда орталықтарына, спорттық және ойын-сауық іс-шараларына барудан бас тартыңыз.
- Қоғамдық орындарда бір рет қолданылатын медициналық маска (респиратор) қолданыңыз, оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз.
- ЖРВИ белгілері (жөтел, түшкіру) бар адамдармен жақын қарым-қатынаста болудан және бір бөлмеде болудан аулақ болыңыз.
- Көшеде бөтен адамдармен байланысқан соң қолды сабынмен және сумен мұқият жуыңыз.
- Гаджеттерді, оргтехниканы және жанасатын беттерді дезинфекциялаңыз.
- Мүмкіндігінше сәлемдесу кезінде тығыз құшақ айқастыруды және қол алысуды шектеңіз.
- Жеке гигиена заттарын (сүлгі, тіс щеткасы) ғана пайдаланыңыз.
А. Қадыров
Орал қалалық ТЖБ бас маманы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер