Орал қаласында құбыр жарылып, көшені су басты.
Фотоны тұрғындар жіберген
«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, апат М.Ықсанов көшесінде болып, диаметрі 400 мм құбыр жарылды.
«Қазіргі кезде оқиға орнында бригадалар жұмыс жасап жатыр. Апатқа байланысты Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты 127/1, 127, 125/1, 125, 121, 104, 106/1, 112, 120, 127, Сарайшық көшесі 79/1, Л.Толстой көшесі 72, 91, Мұхит көшесі 67/1 және 57/1-үй, сондай-ақ осы маңдағы жеке үйлер сусыз қалды» деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындар аталмыш көшені су басқанын хабарлап, фото мен бейнежазбаларды жіберіп жатыр.
Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.