25.07.2025, 17:00
Оқылды: 109

Оралда құбырдағы апат салдарынан бірнеше шағынаудан салқын сусыз қалды

Орал қаласында Зачаган кентінде бірнеше шағынауданға салқын су беру тоқтатылды, - деп жазады kaz.inform.kz.

c6b85138-50ab-4f0f-aa1c-4cb95ebb206814

Фото: kaz.inform.kz

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, қазіргі кезде Жәңгір хан көшесі 51-мекенжайында диаметрі 200 мм су құбырындағы ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты Жәңгір хан көшесі 43, 47, 45/1, 49, 50, 51 (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), 53, 55, 57, 59, 60, 61, 63, 63а мекенжайлары, сондай-ақ «Ғалымдар ауылы», «Жақсы ауыл» және СМП шағынаудандары салқын сусыз қалды.

- Су құбырындағы апатты 25 шілде күні шамамен сағат 22.00-ге дейін жою көзделуде, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале