18.08.2025, 18:00
Оқылды: 99

Оралда құбырдағы апатқа байланысты қаланың орталық бөлігі сусыз қалды

Орал қаласында Ғ.Тоқай мен С. Есқалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 150 мм су құбырында апат болды, - деп жазады Kazinform. 

жп вода (1)
«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, қазіргі кезде апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Осыған байланысты қаланың орталық бөлігінде салқын су беру тоқтатылды. Атап айтқанда, Ғ.Тоқай көшесі 49, 49/1, 53, Н.Назарбаев даңғылы 166/2, 166, 168, Қ.Аманжолов көшесі 40, 51, 54, 54/1, 49, Н.Савичев көшесі 43/2, 43/1, 43-мекенжайлары судан ажыратылды. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары шамамен сағат 11.00-ден кешкі 20.00-ге дейін созылмақшы, — деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар «Жайықжылуқуат» АҚ-дан түскен мәліметке қарағанда, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында М.Ықсанов көшесі 72/1-мекенжайы тұсында диаметрі 108 мм құбырдың 130 метрлік бөлігі 18-28 тамыз аралығында күрделі жөнделеді. Осыған орай ыстық су беру жүйесінде уақытша қолайсыздықтар туындауы ықтимал.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале