13.11.2025, 12:00
Оқылды: 49

 Оралда құқықтық тәртіпті нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды

Орал қаласында «KazTransOil» АҚ-ның қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі арасында кездесу өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және өз денсаулығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

a4174fc7-74b6-40db-9e2d-17bb6071740c

Кездесу барысында департамент өкілі электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) зияны туралы айтып, олардың адам денсаулығына тигізетін қауіптілігін және мұндай өнімдерді заңсыз әкелу мен тарату үшін көзделген жауапкершілікті атап өтті.

Қатысушылар дропперлік мәселесі — банктік карталар мен шоттарды үшінші тұлғаларға беру фактілеріне ерекше назар аударды. Спикер мұндай әрекеттердің, тіпті абайсызда жасалған жағдайда да, қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, алаяқтық схемаларына қатысудың құралына айналуы мүмкін екенін ескертті.

Кездесу барысында отбасындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздығына ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге балалар мен жасөспірімдерге никотин қосылған өнімдерді пайдаланудың зиянын түсіндіру, сондай-ақ жеке деректерге ұқыпты қараудың маңызын үйрету ұсынылды. Қатысушылардың пікірінше, отбасы — саналы және заңды бұзбайтын азамат қалыптасатын алғашқы орта.

dd3582c7-3999-43b5-945c-a0ed6f1b1815

Осындай кездесулер — жай ғана ақпарат алмасу емес, олар қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға және әрбір адамның санасында маңызды түсінік қалыптастыруға бағытталған: заң мен жауапкершілік — тұрақты әрі салауатты қоғамның негізі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале