Бұл туралы жұртшылықпен кездесуде Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов айтты. Бүгінгі таңда жаңа тоғыз демалыс орны үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Орал қаласы бойынша 54 тынымбақ пен бульвар бар, бірақ олардың тек 35-і ғана толығымен абаттандырылған. Шаһар басшысының айтуынша, басты мақсаттың бірі – «Жасыл қала» статусын ұстап қалу. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін қалада демалуға, серуендеуге және спортпен шұғылдануға арналған жаңа орындар пайда болады.
Қазіргі таңда Некрасов көшесіндегі, «Омега» зауытындағы, №44 ЖОББМ, Журналистер мен Жастар саябағындағы, «Ротонда», «Орал» дүкені және қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тынымбақты, сондай-ақ Саратов трассасындағы бульварды абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобалардың жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ биыл қала басшысы Әбілқайыр хан даңғылы мен С.Датов көшесінің бойындағы «Жасыл бульвардың» құрылысы аяқталатынын жеткізді.
zhaikpress.kz