24.06.2022, 11:10
Оқылды: 86

Оралда құны 1,7 млрд. теңге болатын 9 жаңа тынымбақ пайда болады

Бұл туралы жұртшылықпен кездесуде Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов айтты. Бүгінгі таңда жаңа тоғыз демалыс орны үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 10.36.30

Орал қаласы бойынша 54 тынымбақ пен бульвар бар, бірақ олардың тек 35-і ғана толығымен абаттандырылған. Шаһар басшысының айтуынша, басты мақсаттың бірі –  «Жасыл қала» статусын ұстап қалу. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін қалада демалуға, серуендеуге және спортпен шұғылдануға арналған жаңа орындар пайда болады.

Қазіргі таңда Некрасов көшесіндегі, «Омега» зауытындағы, №44 ЖОББМ, Журналистер мен Жастар саябағындағы, «Ротонда», «Орал» дүкені және қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тынымбақты, сондай-ақ Саратов трассасындағы бульварды абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобалардың жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайды.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 10.53.40

Сондай-ақ биыл қала басшысы Әбілқайыр хан даңғылы мен С.Датов көшесінің бойындағы «Жасыл бульвардың» құрылысы аяқталатынын жеткізді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале