11.02.2021, 23:49
Оқылды: 314

Оралда қысқы балық аулау жарысы өтті

Бүгін Шаған өзені бойында «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірме мүшелері арасында қысқы балық аулаудан III ашық жарыс өтті. Бағдарлама жеке және жалпы командалық біріншілікті, «Балыққа – ауа» экологиялық акциясы мақсат-міндеттерін қамтыды.

бал1

Шара басталар алды қатысушылар мен жетекшілер «Мұздағы жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысты.

Аталмыш шараға Орал қаласының 7 мектебінен 8 команда қатысып, өзара білім-біліктерін ортаға салды. Қатысушыларға бір сағат бақылау уақыты беріліп, талапқа сай барлық құрал-жабдықтарды, жемді қолдана отырып, балықты мүмкіндігінше көп ұстау басты шарт болып белгіленді.

«Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 2018 жылдан бері қысқы балық аулау бойынша жарыстар өткізіп келеді. Бұл жарыстардың барлығы дерлік "Балыққа – ауа"экологиялық акциясын қолдауға бағытталған. Қала мектептері оқушылары үшін аталмыш жарыстардың берері көп. Оқушыларға білім, білік дағдыларын үйретумен қатар, олардың табиғатқа деген шынайы қызығушылығы мен қамқорлығын арттырары сөзсіз.

бал22

Бүгінгі өткен жарыс қорытындысында жеке сынақта І орынды №2 ЖОББМ-нің оқушысы, "Жасұлан" үйірмесінің мүшесі Арыстан Злиев (жетекшісі Ғ.Ж.Зайнуллин), ІІ орынды №2 ЖОББМ-нің оқушысы, "Дархан дала" үйірмесінің мүшесі Мадияр Молдаш (жетекшісі Г.С.Исмагулова), ал ІІІ орынды №5 ЖОББМ-нің оқушысы, "Табиғат жанашырлары" үйірмесінің мүшесі Алихан Сағидолла (жетекшісі М.Қ.Сапар) иеленді.

Жалпы командалық есеп нәтижесі команданың екі қатысушысымен ауланған балық сомасы бойынша жүргізілді. Бағдарламаның бұл түрінде І орынды №2 ЖОББМ-нің "Жасұлан" (жетекшісі Ғ.Ж.Зайнуллин) туристік үйірмесі командасы, ІІ орынды №2 ЖОББМ-нің "Дархан дала" үйірмесі командасы (жетекшісі Г.С.Исмагулова), ал ІІІ орынды Круглоозерный ЖОББМ-нің "Юный краевед" (жетекшісі Ж.Қ.Кишаубаева) үйірмесі командасы иеленді.

бал33

Жарыстың барлық жеңімпаз-жүлдегерлері "Турист" сауда үйінің демеушілігімен дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, шара аясында оқушылар мен жетекшілер "Балыққа – ауа"экологиялық акциясы шеңберінде де белсенділік таныта білді. Арна мен мұз алаңының едәуір ұзындығында шұңқырлар жасалып, Шаған өзеніндегі суды жақсы аэрациялау үшін қамыс пен қамыс сабағы салынды. Ережеде көрсетілген шарттарға сәйкес, алдымен ауланған балықтар есепке алынып, кейіннен барлығы дерлік өзенге қайта жіберілді.

IMG-20210212-WA0014

 Самигулла Шантимиров,

«Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және

экология орталығы директорының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале