Қысқы маусымдағы спорт алаңдарына мұз құю күн райының қолайсыздығына байланысты қаңтар айына дейін шегерілді. Соған қарамастан қалалық спорт бөлімі шаһар тұрғындарының қысқы спорт түрлерімен айналысуға барынша мүмкіндік жасады.
Соның арқасында облыс орталығында 9 мұз айдыны пайда болды.
Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исановтың айтуынша, мұз айдындары И. Ларин көшесіндегі нөмірі 10, Матросов көшесіндегі 52, 54, Құрылысшы шағынауданындағы 29, Деркөл кенті, Даль көшесіндегі 7/3 мекенжайында және 5-шағын аудан нөмірі 4-7 үйлер аралығында салынған.
- Сондай-ақ Зашағандағы Балауса шағын ауданы, Қалменов, Жұмыр қылыш көшесінде, Н.Назарбаев даңғылындағы нөмірі 203 үй аудасында, «Құс фабрикасы» ауданы Құрманғазы көшесі нөмірі 150 үй маңына мұз айдыны құйылды. Ол жерге кез-келген тұрғын барып, коньки тебе алады, - дейді А. Исанов.
Одан бөлек, қала аумағында «Жастар» стадионында және Тұңғыш президент алаңында мұз айдындары жұмыс істейтінін еске саламыз.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz