Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев мамыр айында күрделі жөндеуге жабылған «Жастар мәдениет сарайы» және «Деркөл мәдени-демалыс орталығының» жөндеу жұмысы барысын бақылап қайтты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: видеодан кадр
Мәдениет ошақтарының күрделі жөндеу жұмыстары «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы есебінен жүргізіліп жатыр. Бақылау жұмыстарына Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының, мердігер мекемелердің өкілдері де қатысты.
Мердігерлер ғимараттың ішкі демонтаждау жұмыстарын өзара талқылап, алдағы жоспарыларымен бөлісті.
Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттарыдың іші толықтай жөнделіп, жабдықталады. Сондай-ақ «Жастар мәдениет сарайы» жанынан креативті индустрияны дамыту мақсатында «Креатив хаб» орталығы жасақталады.
Жаңа орталықта арт-студия, коворкинг залы, ән және дыбыс жазу студиясы, домбыра, қолданбалы өнер, вокал, би және аспаптар студиялары, театр және фотостудия, графикалық дизайн және анимация бағыттары бойынша бөлмелер ашылады.