1.12.2016, 14:04
Оқылды: 70

Оралда мереке күні 180 отбасына пәтер берілді

received_603213719876716Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Орал қаласында 180 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.


Зашаған кенті, Мөңкеұлы көшесінде бой көтерген тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын «Болашақ-Т» ЖШС жүргізген. Тұрғын үй құрылысына республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1 297 241,97 мың теңге қаржы жұмсалған. 180 пәтерлі үйдің 144 пәтері бір және екі бөлмелі болса, 36 пәтер - үш бөлмелі.
received_603213606543394Жаңа қоныс иелерінің қуанышын бөлісіп, құтты болсын айта келген облыс басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен жəне ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық тойымен құттықтап, пəтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.
-Үстіміздегі жылы біздің өңірімізде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай 1500 пәтер тұрғындарға берілмекші. Халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары Орал, Ақсай қалалары мен обылысымыздың әр ауданында жүзеге асып жатыр. Бұл игі іс келер жылы да өз жалғасын табатын болады. Бой көтерген тұрғын үйлер кезекте тұрған отбасыларына, «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкісі» АҚ салымшыларына, ардагерлерге, көп балалы және жас отбасыларына, асыраушысынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады.

received_603213666543388Өздеріңізге белгілі, осыдан 3-4 бұрын бұл жерде көп қабатты үйлер болған жоқ. Мемлекеттік бағдарламалардың және Елбасымыздың берген тапсырмаларының нәтижесінде осындай көп қабатты үйлер бой көтеруде. Бұл игі істердің барлығы мемлекеттің және Ел Президентінің сіздерге деген қамқорлығы. Бүгін қолдарына пәтер кілтін алған тұрғындарды қоныс тойларымен және айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын,-деді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, биыл облысымыз бойынша 215 нысан күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы 250 шақырым жол жөнделді. Бұл игі істер Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына деген үлкен сый деп білеміз. Қазіргі таңда облыс орталығында тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрған адамдар саны көп. Алайда Елбасының тапсырмасына сәйкес тұрғындарды баспанамен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, нақты жүзеге асуда. Соның нәтижесінде жоспарға сәйкес мәселенің біртіндеп шешіліп жатқанына куәміз.

Мереке күні қоныстойын тойлағандар қатарында 36 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 13 Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, 10 бірінші және екінші топ мүгедектері, 21 көп балалы отбасылар және тағы басқа мұқтаж батысқазақстандықтар бар.
Мереке күні зор қуанышқа ие болған пәтер иелері өңір және қала басшылығына, тұрғын үй салушы құрылыс компаниясына өз алғыстарын білдірді.
-Біз бүгін көп балалы ата-ана ретінде үш бөлмелі пәтерге ие болдық. Ұзақ жылдар бойы кезекте тұрсақ та, бүгін баспаналы болғанымызға өте қуаныштымыз. Отбасымның атынан халыққа қолайлы жағдай туғызған мемлекетіміздегі салиқалы саясатқа және Елбасына зор алғыс айтамын. Пәтер иелері атанған жерлестерімді қоныстойларымен құттықтап, осы үйді ұқыпты да таза ұстауға шақырамын, - деді алты баланың әкесі Жұмабек Иманғалиев.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале